23 қаңтардан, Астана уақыты бойынша таңғы сағат 8:00-ден бастап, "Бүкіл әлем аруы-2016" байқауына дауыс беру басталады, бұл байқауға біздің еліміздің атынан Дарина Құлсейітова қатысады.
Биыл байқауды ұйымдастырушылар енгізген жаңа қағидалар бойынша, қазылар финалда ТОП-11-ді іріктейді, ал финалға қатысушы соңғы ару көрермендер беретін дауыс бойынша айқындалады.
Міне, осылайша, ТОП-12 анықталады.
Төмендегідей тәртіппен дауыс беруге болады:
1) Vodi: Vodi қосымшасын жүктеп, еліңізді көрсете отырып, Дарина Құлсейітоваға (Қазақстан) дауыс беруіңіз қажет;
2) WEB: vote.missuniverse.com ресми сайтында;
3) MISS U APP: Өзіңіздің ұялы телефоныңызға Miss Universe қосымшасын жүктеуіңіз, сондай-ақ Қазақстанға дауыс беруіңіз керек;
4) TWITTER: #MissUniverse және #MissUniverseKazakhstan xештегімен твит жариялай отырып, қатысушыға Твиттерде қолдау көрсету керек.
Сізден біздің отандасымызды қолдауыңызды сұраймыз. Тек Сіздің берген даусыңыз ғана Даринаның ақтық сынға өтуіне көмектеседі!