ҚР Мемлекеттік қызмет істер министрлігі мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледі

Мемлекеттік қызмет істер министрлігінде аймақтық мекемелердің, сонымен қатар аймақтардағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталықтары өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген отырысы өтті.

Аталған отырыс барысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлт Жоспары аясында енгізілген мемлекеттік қызметтің жаңа моделін жүзеге асыруын қамтамасыз ететін заңнаманың қолдану тәжірбиесі жөнінде мәселелер талқыланды.

Басқосуда конструктивті пікір алмасу өтіп, мемлекеттік қызметтің маңсаптық үлгісінің ойдағыдай іске асуын қамтамасыз ететін нормативті-құқықтық актілерді одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтылды.

            Министрліктің құрылымдық және аймақтық бөлімшелерімен мемлекеттік қызметті атқару, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді реттеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге қатысты заңнаманың талаптарын түсіндіру, сонымен қоса қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

            Министрлік мемлекеттік қызмет заңнамасын жетілдіру мен өзекті сұрақтары бойынша аймақтық департаменттерден тұрақты түрде ұсыныстар жинақтап отырады.

            Ең маңызды деген ұсыныстар кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарының бірінші бағытын әрі қарай жүзеге асыру бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының отырыстарында зерделеніп, қорытынды шешім қабылдау үшін модернизациялау жөніндегі Ұлттық комиссияның қарауына жіберіледі.

            Заңнаманы уақыт талабына сай жетілдіру мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз оқытылуын да талап етеді. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы модернизациялау жөніндегі Ұлттық комиссия қызметінің қорытындыларын пысықтауға арналған жиында ерекше көңіл бөлді. Сондықтан шенеуніктердің біліктілігін арттыру мәселелері алдыңғы қатарға шығарылып отыр. 

            Орталық және аймақтық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен қызмет тиімділігі оқыту бағдарламаларының сапасы мен оқыту деңгейіне тікелей байланысты. Алған білімдері іс жүзінде мемлекеттік қызметшілердің тәжірбиелік талаптарына сәйкес болу керек. Бұл ретте аймақтағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталықтарының орны ерекше. Өйткені әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігі өз білімдерін дәл осы орталықтарда жетілдіреді. Бүгінгі таңда аталған орталықтарға одан да зор міндеттер артылып отыр.

Мемлекеттік қызмет істері министрі Т. Донаков отырыс барысында аймақтық оқыту орталықтардың басшыларының назарын мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға және әдістемелік мағлұматтарды әзірлеу жұмыстарының сапасын арттыруға аударды. Білім беру үрдісіне мемлекеттік аппаратта мол тәжірибесі бар лауазым иелерін және үздік жоғары оқу орындарының оқытушыларын белсенді түрде қатыстыру қажет деп түйіндеді Талғат Донақов.

Анықтама ретінде: Бүгінгі таңда Республика аумағында 14 осындай орталық жұмыс істейді. Жыл сайын қайта даярлаудан өтіп, біліктілігін арттыруға тиіс мемлекеттік қызметшілердің 50 % -дан астамы осы аймақтық орталықтарда білім алады. 2015 жылы аталған орталықтарда 18 331 адам оқытылды. Бұл дегеніміз қайта даярлаудан өтіп, біліктілігін арттыруға міндетті мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 79,5 % құрайды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте