16-19 мамыр аралығында «Еуропа күнін» тойлау шеңберінде Астанада Еуропа киносы апталығы басталды.
Биылғы жылы көрермендерге Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің ең үздік кинофильмдері ұсынылады. Фестиваль бағдарламасына Австрия, Ұлыбритания, Испания, Венгрия, Чехия, Германия, Словакия, Латвия, Болгария, Португалия, Польша, Швеция, Нидерланды, Эстония мен Грузиядан 15 фильм кірді. Киностаспалар арасында түрлі жанрдағы халықаралық киносыйлықтарының жеңімпаздары бар, мысалы Эми Уайнхаус әншінің өмірі туралы«Oскар-2016» сыйлығының лауреаты «Эми» атты британдық деректі фильм, Варшава кинофестивалі – 2015 «Үздік режиссура үшін» сылығын алған, Эстония мен Грузия бірлесіп шығарған «Мандарины» атты әскери драма және тағы басқа да туындылар.
16 мамырда фестиваль ашылуында Астана қаласында көрермендерге Португалияның ұлттық кинопрокатында 2014 жылы үздіктерінің бірі болған "У кошек нет головокружения" атты Португалияның комедиялық мелодрамасы көрсетіледі. Португалия киносының патриархы, режиссер Антониу-Педру Вашконселуш фильмі көптеген ұлттық және халықаралық киносыйлықтарға ие болды. Картина киноөнерінің академиясы белгілеген, Португалияның басты ұлтты киносыйлығы Sophia Awards 2015 сыйлығының бірден бір жеңімпазы болды. Фильм ең үздік ер және әйел ролі, үздік режиссура мен жылдың үздік фильмін қоса 9 сыйлық иеленді.
Ашылу салтанатында ҚР ЕО Өкілдігінің басшысы, Елші Траян Христея (H.E. Traian Hristea) мен Португалия істерінде уақытша сенім білдірілген Аделино Виера да Кунха да Сильва (H.E. Adelino Vieira da Cohna da Silva) қатысты.
«Еуропа киносы Қазақстанда дәстүрлі түрде үлкен танымалдыққа ие. Осындай фестивальдер жыл сайын өтіп тұрады және үнемі халық қызығушылықпен қатысады. Фестиваль бағдарламасында заманауи еуропалық киноматографтың шығармашылық ерекшелігін, өзіндік белгісі мен сан алуан қырынан танытатын ең түрлі жанрдағы фильмдер қатыстырылған. Бұдан басқа осы фильмдерде түрлді мәдениеттердің әр түрі мен бірлестігі берілген. Көрермен өзіне ұнағанын алып, еуропа киносы бей-жай қалдыра алмайды деп ойлаймын», – дейді Траян Христея.
Фестивалді "Lucky Loser" ("Везучий неудачник") чех картинасы аяқтайды. .
Фильмдер орыс тілдегі қосалқы титрлермен түпнұсқа тілінде көрсетіледі. Фестиваль Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтеді.
Еуропа күні — Еуропа одағы елдерінде жыл сайынғы бейбітшілік пен бірлік мерекесі. Еуропа күні 9 мамырда атап өтіледі. Мереке бастауы Шуман Декларациясына қол қойылуы саналады, оған сәйкес 1950 жылғы 9 мамырда Парижде Францияның Сыртқы істер министрі Робер Шуман Франция мен Батыс Германияны өнеркәсіптің металлургия және көмір игеретін саласын біріктіріп, оларды жалпы Жоғары басшы орган басқаруына беруге үндеді. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақ – бұл 28 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.
Еуропа күні мерекесі Еуроодақтың туы, әнұраны және біріыңғай валютасы – еуромен бірге бөлінбес нышандарының бірі болып табылады.
