Қазақстанда автокөлікті қайта жабдықтау рәсімі қатаңдатылды

7737

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті ҚР СТ 1418-2018 «Автомотокөлік құралдары. Конструкцияға өзгерістер енгізу. Жалпы ережелер мен техникалық талаптар» ұлттық стандартын қайта қарады.

Осы стандарт автомобильдердің конструкциясына өзгерістер енгізудің техникалық мәселелерін реттейтін елдегі жалғыз құжат екендігін атап өту керек.

Енді 2024 жылдың 1 мамырынан бастап қайта жабдықтау тәсілін, көлік құралын және қауіпсіздіктің негізгі элементтерін сәйкестендіру үшін маңызды жолдарды міндетті түрде толтыра отырып, аккредиттелген сынақ зертханалары беретін қауіпсіздікті тексеру хаттамаларының бірыңғай нысаны енгізіледі. 

Сондай - ақ, 2024 жылдың 1 мамырынан бастап аккредиттелген сынақ зертханалары қайта жабдықталған көлік құралының қауіпсіздігін тексеру процесін міндетті фото-және бейнетіркеуді енгізеді.

Бұл қауіпсіздікті тексеру фактісін растауға немесе жосықсыз зертханаларды оны формалды түрде жүргізуін әшекерелеуге болады.

2024 жылдың 1 желтоқсанынан бастап қауіпсіздікті тексеру хаттамаларын беру техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде Бірыңғай Тізілімде орналастыра отырып, электрондық форматта жүзеге асырылатын болады.

Комитет Төрағасы Қуаныш Елікбаев атап өтті:

«Осы уақытқа дейін мұндай тексерудің қауіпсіздік хаттамасының нысаны да, осындай берілген хаттамалардың Бірыңғай Тізілімі де белгіленбеген. Қандай да бір жағдайда, осы тексеруді жүзеге асырған зертхананы табу қиын, сондықтан жауапкершілік белгісіз болады. Осы жаңалықтар рәсімдердің ашықтығын және автомобильдерді қайта жабдықтау қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін»

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить