Қытайлық биофарма компаниясы Қазақстанда құны $150 миллион болатын крахмал өндіретін зауыт салады

6504

Қытайлық Zhejiang Sunny Group Co., Ltd. Қазақстанда жүгері крахмалы мен тиамулин шығаратын зауыт салуды, кейіннен биологиялық негіздегі өнімдерді кеңейтуді көздеп отыр. Компания жобаға 150 миллион доллар инвестициялауға дайын, деп хабарлайды AРK Новости агенттігі .

«Kazakh Invest» баспасөз қызметінің хабарлауынша, қытайлық компания басшысы Қазақстанда өткен жиында зауыт құрылысына республикада қолайлы жағдай жасалғанын айтты. Атап айтқанда, ол Қазақстанның стратегиялық орналасуын, жүгері өсіруге арналған жердің қолжетімділігін және жергілікті жеткізушілерге жақындығын атап өтті.

Зауытта өндірілген өнімдер – бірінші кезеңде – жүгері крахмалы мен тиамулин, келешекте – өңделген өнімдер – Еуропалық Одақ елдеріне және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспортталатын болады. Өнімдерді тамақ, фармацевтика, химия және ветеринария салаларында қолдануға болады.

Жоба сондай-ақ өндірістік қалдықтарды өңдеуді, өнеркәсіптік ағынды суларды тазартуды және табиғи газдың жануынан ауаға шығарындыларды барынша азайтуға арналған қондырғыларды пайдалануды қарастырады.

Қазақстандық тараптың өкілдері еліміздің жоғары қосылған құны бар ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде одан әрі өңдеу үшін жүгері өсіруге айтарлықтай әлеуеті бар екенін мәлімдеді.

Zhejiang Sunny Group Co., Ltd. патенттелген биофармацевтикалық өнімдер шығарады. Микробтық ашыту және синтездеу мүмкіндіктері бар биофармацевтикалық өнеркәсіптегі бірнеше өндірушілердің бірі.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube