Бүгін елдің солтүстігінде қар, оңтүстігінде жауын жауады

«Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 29-ы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, бүгін еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен қар, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады. ҚР бойынша тұман түседі, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте