Алматыда жер сілкінісі кезінде дүрбелеңге жол берген бірқатар басшы қатаң жауапқа тартылды

14207

Алматы қаласындағы жер сілкінісі кезінде тиісті әрекет етпеген Төтенше жағдайлар министрлігі мен қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бірқатар лауазымды тұлғалары жауапқа тартылды.

«Алматы қаласында жер сілкінісі кезінде бөлімшелердің тиісінше әрекет етпеу фактісі бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізген қызметтік тергеу нәтижесінде 14 қызметкер қатаң жауапқа тартылды. Оның ішінде министрліктің 4 басшысы, сондай-ақ олардың 5 орынбасары, 1 ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы, аумақтық бөлімшенің басшысы және оның орынбасары бар», - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, онда Төтенше жағдайлар министрлігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің 2 басшысына қатысты жауапкершілік ертерек өндіріп алумен шектелгені жазылған. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить