Велоспорттан Азия чемпионатында қарағандылықтар төрт медаль жеңіп алды

Қарағандылық спортшылар Илья Карабутов, Динара Көпжасарова және Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан Азия чемпионатында ерекше көзге түсті. Үш спортшы төрт медаль жеңіп алды.

Құрлықтық біріншілік Нью-Делиде (Үндістан) өтті. Қысқы Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша халықаралық турнирге Қарағанды облысының алты спортшысы қатысты.

"Элита" санатындағы жарыстың бірінші күні қарағандылық Илья Карабутов командалық қудалау жарысында (4 км) қола медаль жеңіп алды.

Дәл осы түр бойынша күміс медальді жасөспірімдер жеңді. Олардың қатарында Қарағанды велоспорт мектебінің тәрбиеленушісі Динара Көпжасарова да болды.

Үндістандағы Азия чемпионатының соңғы күнінде "элита" санатында өнер көрсеткен Теміртау спортшысы Кирилл Курдиди 1000 метрлік гитте қола жүлдеге ие болды. Сол күні Динара Көпжасарова топтық жарыста үшінші орын алды.

Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Азия чемпионатында барлығы 16 медаль жеңіп алды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте