Роман Скляр туристік орындарды әжетханамен қамтудан бастауды тапсырды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өңір әкімдіктері мен министрлікке отандық туризмді дамыту бағытында бірқатар тапсырма берді.
«Өңір әкімдіктеріне туристік нысандарды дамыту бойынша жол карталарын, сондай-ақ жауапты басшылар мен іске асыру мерзімін белгілеуді тапсырамын. Туристік объектілерді санитарлық-гигиеналық тораптардан бастап қалыпқа келтіріп, тиісті қаржыландыруды қамтамасыз етуді жүктеймін», - деді Роман Скляр елордада өткен Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Сондай-ақ премьер-министрдің бірінші орынбасары ішкі туризмді дамытуда қызметтер нарығының елеулі әлеуетіне тоқталып өтті.
Оның айтуынша, өңірлерде туризмді ілгерілету бағытындағы жұмыстың қарқыны жеткіліксіз. Оның себебі жергілікті әкімдіктердің құнт танытпауы және тиісті қаржыландырудың болмауы.
Вам может быть интересно: «Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы күдікті деп танылып отыр – Бас прокуратура»