Қостанай облысы әкімдігінің қызметкерлері бюджеттен 13 млн теңге ұрлаған

Қарабалық ауданының прокуратурасы әкімдік қызметкерлерінің бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады.

Қостанай облысы прокуратурасының мәліметінше, кәсіпкерлік бөлімінің бухгалтері өзіне және бөлімнің бұрынғы басшысына заңсыз жоғары жалақы төлеу арқылы 13 млн бюджет қаражатын ұрлады деп күдікке ілінді.

Осы факті бойынша аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі, атап айтқанда ірі мөлшерде жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте