Қарағанды облысында қолайсыз ауа райы жағдайы 14 ақпанға дейін сақталады
Қарағанды облысында алдағы бес күнде ауа райының қолайсыздығы сақталады. Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша өңірде қар мен жаңбыр, боран, көктайғақ, жауын-шашын, кей жерлерде желдің секундына 20–28 метрге дейін күшеюі күтіледі.
Ауа-райының ең қолайсыз күндері 9 және 10 ақпанда болады, деп ескертеді синоптиктер. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды елді мекендерден тыс жерлерге шығуын шектеуге, балаларды көшелерде қауіпсіздендіруге, автожолдардың жабылу орындарында көлік құралдарының жиналуына жол бермеуге, көшеде болған кезде ғимараттар мен құрылыстардан, биік тіректерден, ағаштардан, билбордтардан, тіректер мен электр сымдарынан аулақ болуға шақырады. Сондай-ақ, халыққа ауа-райы туралы ақпаратты бақылау ұсынылады.
– Біз барлық тұрғындардан шектеу шараларына түсіністік білдіруді сұраймыз. Облыстың басқару органдары, полиция бөлімшелері, медициналық қызмет және авариялық-құтқару бөлімшелері тәулік бойы қызмет атқарады. Авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізуге, науқастарды шұғыл емдеуге жатқызуға көмек көрсету қажет болған жағдайда, сондай-ақ оқиғалардың барлық фактілері туралы 112, (8-7212) 43-36-36, 43-37-37
телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз, – деді Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдардың төрт учаскесі және облыстық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесі автокөліктің барлық түрлері үшін жабық күйінде қалып отыр.
Вам может быть интересно: «Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы күдікті деп танылып отыр – Бас прокуратура»