Алдағы үш тәулікте қалың қар жауады

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2024 жылдың 6-8 ақпанына жасалған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігі әлі де қалың жауын-шашынға ықпал ететін терең солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады: солтүстік аймақтарда негізінен қар жауып, ал оңтүстікте жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауады, сондай-ақ желд күшейіп, бұрқасын соғып, көктайғақ болады және тұман түседі.

Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанған жоқ.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте