Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің финалына шықты.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда канадалық спортшы 6:4 есебімен басым түсті.
Екінші және үшінші сетте Бублик ойын тізгінін қолына алды - 6:4, 6:4.
Екі сағат 37 минутқа созылған матчта А.Бублик 14 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Канадалық спортшы 9 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.
Александр Бубликтің финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Вам может быть интересно: «Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы күдікті деп танылып отыр – Бас прокуратура»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter