Абай облысында қатты жел мектеп шатырын ұшырып әкетті

5807

Абай облысында қатты жел бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство дерегінше, сағат 06:00-де Бесқарағай ауылында екпіні секундына 20 метрге жеткен жел Долон бастауыш мектебінің шатырын ұшырып әкеткен. Оның ауданы - 288 шаршы метр. Абырой болғанда зардап шеккен ешкім жоқ. 2020 жылы шатырға жартылай жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ Бесқарағай ауданындағы Кривинский бастауыш мектебі де шатырсыз қалды. Қатты желдің салдарынан спорт залы мен акт залына жапсарлай салынған ғимараттың шатыры қирады.

- Семейде сағат 12:32-де Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет ғимаратының шатыры бүлінгені туралы хабар келіп түсті. Бұл кезде жел екпіні секундына 18 метрге дейін жеткен, - делінген ақпаратта.

Жел қала көшелерінің біріндегі жер үйдің шатырын да жұлып әкетті. Юность шағын ауданындағы 44793 әскери бөлімі ангарының шатырын да жел ұшырған. Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып жатыр.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить