Шахматтан әлем чемпионаты: Қазақстанның қыздар құрамасы Мысыр мен Үндістанды жеңді

2253

Польшаның Быдгощ қаласында жылдам шахматтан (рапид) әйелдер арасында командалық әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР шахмат федерациясы.

Турнирге 12 команда қатысуда. Олар екі топқа бөлінген.

Қыздарымыз Грузия, Украина, Үндістан, Франция және Мысырмен ойнайды. Алдын ала өткен турнирлердің қорытындысы бойынша екі үздік команда анықталады. Олар кубок жүйесі бойынша 1-4 орындарды өзара бөліспек.

Бірінші кездесуде қазақстандық шахматшылар Мысыр құрамасын 3:1 есебімен жеңді (Бибісара Асаубаева мен Меруерт Камалиденова жеңіске жетті, ал Ксения Балабаева мен Алуа Нұрманова ойындарын тең аяқтады).

Екінші айналымда біздің құрама Үндістан командасын ұтты. Жеңіс ұпайын Әмина Қайырбекова әкелді.

Енді Франция мен Украина командаларымен өтетін келесі екі матч өте маңызды болмақ.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить