Қазақстандық Tasqyn анимациялық студиясының фильмі Animated Expressions Expo халықаралық фестивалінде жеңімпаз атанды

«Tasqyn» тәуелсіз анимациялық студиясы түсірген «Серіктес» анимациялық фильмі тамыз айында Франциядағы Курсел-сюр-Мер қаласында өткен халықаралық «Animated Expressions Expo» фестивалінде қысқаметражды фильмдер номинациясында бірінші орынды жеңіп алды.

«Серіктес» – жоғалған алқаны іздеу үстіндегі екі детектив туралы қызықты оқиға. Кейіпкерлердің біреуінің иістерді сезудің ерекше қабілеті бар, бұл оларға дәлелдерді табуға және қылмысты ашуға көмектеседі. Фильм көрерменді жарқын анимациясымен, тартымды сюжетімен баурап алады. Бұл нуар детективі, американдық комикстер мен жапон анимелерінен мысалдар алынған.

Идея авторы және режиссері 28 жастағы Әкежан Данияр. Серіктестер туралы мультфильм түсіру идеясы Даниярды көптен бері мазалап жүрген. Алғашқы эскиздерді режиссер ҚазҰУ Ұлттық өнер университетінде оқып жүрген кезінде салған. Идеяны «Tasqyn» анимациялық студиясына жұмысқа шақырылған соң жүзеге асыра алды. Қысқаметражды фильм соңында жарты жыл бойы 30 адамнан тұратын команда - суретшілер, аниматорлар, цифрлық суретшілер, дыбыс мамандары жұмыс істеді.

«Серіктес» фильмі арнайы фестиваль үшін түсірілгендіктен, оған дейін дайындалған мультфильмдер стиліне ұқсамайды. Ол достыққа, балалық шаққа және сағынышқа арналған. Мен мейірімді және жарқын туынды жасағым келді. Әр адамның балалық шағынан жылы естеліктері бар. Сол ыстық кезеңді фильмде жеткізуге тырыстым. “Серіктес” бір адамның болсын жан дүниесін қозғайды деп сенемін», - деп бөлісті режиссер Әкежан Данияр.

 

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте