Қазақстанда 340 мыңға жуық бала 1-сыныпқа қабылданды

 Елімізде 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Құжаттарды қабылдау толық төрт ай, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілген болатын.

«Осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды. Өтініш берішулердің 70,7% мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді. Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылды», - деп жазылған министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ, бірінші сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3%), Павлодар (97,6%), Шығыс-Қазақстан (96,6%) облыстарында тіркелген.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау неліктен 1 тамызға дейін жүретінін түсіндірген еді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте