Кен орнын жекеге беріп жіберді деп айыпталған бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаевқа қатысты тергеу аяқталды

Антикор экс вице-министрге қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды  ведомство.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Т. Тоқтабаевқа қатысты лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол Қостанай облысындағы қатты пайдалы қазбалардың (никель және кобальт) ірі қоры анықталған «Шевченковское» кен орнын барлау сылтауымен аффилиирленген тұлғаларға аукционсыз заңсыз берген деп айыпталып жатыр.

Нәтижесінде оның бақылауындағы компания қол қою бонусының ең төменгі құнымен өндіруге дайын кен орнын алған.

Өзінің әлемдік қоры бойынша бірегей никель және кобальт түріндегі қатты пайдалы қазбалар 100 млн тонна 5,7 трлн теңге сомасына бағаланады.

Тергеу барысында қабылданған шаралардың арқасында аталған кен орны мемлекет пайдасына қайтарылды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айыпталушы Т. Тоқтабаевты сотқа берді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте