Теңіз кен орнындағы вахта қалашығында қоқыс контейнерлері өртенді

3180

Атырау облысында орналасқан Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықта қоқыс контейнерлерінен өрт шықты.

Бұл деректі «Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қызметі растады. Қоқыс алаңындағы өрт бүгін, 6 шілдеде тұтанған.

«Теңіз кен орнының өндірістік аймағынан тыс жерде орналасқан мердігер компанияның бірі – «НефтеСтройСервис ЛТД» ЖШС-нің вахталық қалашығы аумағындағы қоқыс контейнерлері өртенді. Осыған байланысты «Теңізшевройл» ЖШС-нің өрт және апатты жою қызметінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Өрт сөндірушілер жалынды оқшаулап, тез сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», -деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить