Уимблдон: Александр Бублик үшінші айналымға жолдама алды

3646

Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екінші айналымда 26 жастағы А.Бублик әлемнің 48-ракеткасы, америкалық Джеффри-Джон Вулфпен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар үш рет кездесіп, бәрінде 24 жастағы америкалық спортшы ұтқан еді.

Бұл жолы бірінші партияда А.Бублик 6:3 есебімен басым түсті.

Қазақстандық теннисші екінші сетте тай-брейкте есесін жібермеді – 7:6 (7:5).

Үшінші партияда Александр тіпті бет қаратпады – 6:0.

Бір сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 10 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 4 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Осылайша, А.Бублик өз спорттық жолында үшінші рет Уимблдон жарысының 1/16 финалына өтті.

Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 170-орында тұрған германиялық Максимилиан Мартерер немесе әлемнің 119-ракеткасы, америкалық Майкл Ммоның біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдонда Юлия Путинцеваның қарсыласына жол бергенін жазған болатынбыз.

Тимофей Скатов Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты.

Сондай-ақ Уимблдонда Елена Рыбакинаның екінші қарсыласы анықталды.

Үш қазақстандық жас теннисші Тегерандағы турнирдің ширек финалына өтті.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить