Әшімбаев Жапония парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Тошиаки Эндомен кездесті

3296

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Тошиаки Эндо бастаған Жапония Парламенті депутаттарының делегациясымен кездесті. Кездесуде тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев Жапония Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі маңызды саяси және экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ Палата Спикері Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының жұмысын жоғары бағалап, парламентаралық ынтымақтастықты халықаралық ұйымдар аясында да арттырудың маңызды екенін тілге тиек етті.

Сұхбат барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері де сөз болды. Одан бөлек, тараптар декарбонизация, цифрландыру, сирек металдарды өндіру, ауыл шаруашылығы, логистика сияқты салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілік танытты.

Сенат Спикері елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан реформалардың маңызына да тоқталып өтті.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің қызметіне назар аударып, діни Форумға көрсеткен қолдауы мен оған белсене қатысып келе жатқаны үшін жапон тарапына алғыс білдірді.

Өз кезегінде Тошиаки Эндо Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси өзгерістердің тиімділігін және жан-жақты өзара іс-қимылды арттырудың маңызды екенін айтты.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить