Астана әкімі азаматтарды қабылдады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында азаматтарды қабылдау барысында қандай мәселелер көтерілгенін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Апта сайын азаматтарды жеке қабылдаймын. Абаттандыру маусымын ескерер болсақ, қазір қала тұрғындары жолдарды, тротуарларды, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді салу және жөндеу мәселелерін көтеріп жатыр. Бұл жұмыстың бәрі қазір жүріп жатыр. Мәселен биыл 70-тен астам көше жөнделіп, 300-ге жуық көше ағымдағы жөндеумен қамтылады.

Сонымен қатар, қаланың барлық ауданын аула аумақтарының құрылысымен қамтып, көгалдандыруға ерекше көңіл бөлеміз.

Сол сияқты азаматтарды қабылдауда әлеуметтік нысандар салу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау, елді мекендерді дамыту, жұмысқа орналастыру секілді т.б. мәселелер көтеріледі. Мысалға биыл 40 мыңға жуық жұмыс орнын (оның ішінде ШОБ есебінен) құруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, «JOLTAP» жұмысқа орналастыру жобасын іске қосамыз. Проблемалардың шешілуін бақылауда ұстаймыз, – деп жазды елорда әкімі.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте