«Ер есімі ел есінде» жобасы іске қосылды

Елімізде соғыс ардагерлерін еске алу және Жеңіс күніне орай Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Qazcontent» АҚ «екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің электронды базасы» жобасын іске қосты. Бұл база соғысқа қатысқан қазақстандық ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің аттарын мәңгі есте сақтауға арналған электронды ресурс.

База онлайн режимінде толықтырылып, «Ер есімі ел есінде» ақпараттық платформасында жинақталады. Сонымен қатар, әрбір қолданушы деректер базасын толықтыруға қатыса алады. 

Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан 237 ардагер ғана қалған. Оларға Жеңіс күнінің құрметіне ең кемі 1,5 млн теңгеден материалдық көмек беріледі.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте