Маңғыстау облысы прокуратурасында алқа отырысы өтті

Ақтау қаласының экономикалық дамуы мен халық санының артуы көпқабатты тұрғын үйлер құрылысының көбеюіне алып келді.

Экономикалық және техногендік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, облыстың прокуратура органдары жер және құрылыс заңнамасының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасы. 

Жасыратын жоқ, көптеген жосықсыз құрылыс салушылар пайда табу мақсатында құрылыс саласындағы нормаларын елемейді.

Кейбір жағдайларда үлескерлердің қаражаты заңсыз тартылып, нәтижесінде адамдар шаршы метрсіз де, салынған қаражатсыз да қалады.

Мысалы, облыс прокуратурасы тиісті бастапқы-рұқсат құжаттарын әзірлемеген тұрғын үй кешендерін заңсыз салудың 11 фактісін анықтады.

Басқаша айтқанда, үйлердің құрылысы Заң нормалары сақталмай басталған.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторингпен салымшыларға пәтерлерінің табысталуына кепілдік беретін рәсімдерді орындамай, үлескерлердің қаражатын заңсыз тартудың 25 дерегі анықталған.

Аталған фактілер бойынша прокуратурамен кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту талабы қойылды.

Сондай-ақ, тұрғын үйлердің құрылысына жер учаскелерін заңсыз беру фактілері анықталды.

Прокуратураның қадағалау актілері бойынша Ақтау қаласы әкімдігінің жер учаскелерін беру туралы 2 қаулысының күші жойылды, құны шамамен 130 млн. теңге болатын 3,9 га коммерциялық мақсаттағы 9 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Аумағы 20 га, кадастрлық құны 400 млн. теңгені құрайтын 28 жер учаскесін заңсыз берудің алды алынды.

Жоғарыда аталған талдау нәтижесі жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар басшыларының қатысуымен облыс прокуратурасының алқа отырысында талқылауға себеп болды.

Облыс прокуроры Руфат Құттықов құрылысшылардың заң талаптарын сақтау маңыздылығын атап өтті.

Ол, азаматтар көптен күткен тұрғын үйге соңғы қаражаттарын салғаннан кейін алданып, не құрылыстың аяқталуы ұзақ уақытқа созылатынын, немесе негізсіз себептермен мүлдем тоқтатылатынын – айтты.

Бірақ, тіпті өз пәтерлерін алған азаматтар олардың сапасына шағымданады: қосымша қаражат қажет етеді немесе тұруға мүлдем жарамсыз болып табылады.

Облыс прокуроры, бұның бәрі құрылыстың басталуы мен барысына уақтылы бақылаудың болмауының нәтижесі – екенін атады.

Алқа отырысы нәтижесімен жергілікті атқарушы органдарға салынып жатқан объектілердің мониторингін күшейту, жер учаскелерін бөлу кезінде бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын қатаң сақтау тапсырылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте