Amanat партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды

1804

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысына Amanat партиясының атынан Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясында Премьер-Министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен «Amanat» партиясы ұсынатынын айтты.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить