Таразда вокзал маңынан қару-жарақ жасырылған орын табылды

3478

Таразда вокзал аумағынан қару-жарақ жасырылған орын табылды, деп хабарлайды  полиция.

Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізді.

Жедел іздестіру кезінде темір жол желісі маңынан полиэтилен пакеттегі 12 калибрлі ИЖ-18ЕМ бір ұңғылы шолақ мылтық, «Полиция» деген жазуы бар қорғаныс кеудешесі тәркіленді.

ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить