Елена Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты

4010

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына шықтыі, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. 

Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші 2020 жылғы Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы, қазіргі кезде рейтингте 170-орында тұрған америкалық Софья Кенинмен кездесті.

Рыбакина тартысты бәсекеде 7:6 (8:6), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Елена келесі айналымда испаниялықтар, әлемнің 22-ракеткасы Паула Бадоса немесе рейтингте 88-сатыдағы Нурия Парризас-Диастың біреуімен шеберлік байқасады.

Жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған Индиан-Уэллс WTA 1000 додасы 19 наурызға дейін жалғасады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить