Өңірлерге көктемгі егіс жұмыстарына 413 мың тонна жеңілдікті дизель отыны бөлінді
Көктемгі жұмыстарды жүргізуге өңірлерге 413 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылғы деңгейден 13 мың тоннаға көп. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек мәлім етті.
Энергетика министрлігімен бірлесіп облыстарды мұнай өңдеу заводтарына бекіту кестесі және мұнай өңдеу заводтарымен ақпан айына белгіленген баға – тоннасына 222 мың теңге немесе литріне 184 теңге болып бекітілді.
«Қазіргі уақытта тиеп-жөнелту кестесіне сәйкес өңірлік операторлар ақпан айындағы 79,6 мың тонна немесе жоспардың 98%-ын толық дерлік төлем жасалды, 55,6 мың тонна немесе 69% тиеп-жөнелтілді. Министрлік өңірлерге дизель отынның тиеп-жөнелтілуіне күнделікті мониторинг жүргізеді», - деді Ә. Тамабек.
Сонымен қатар, облыс әкімдіктерінің жедел деректері бойынша, тұқым құю жоспары 100%-ға жүзеге асырылды. Фермерлер 2,4 млн тонна көлемінде тұқым қорын қалыптастырған. Сараптамаға 1,4 млн тонна жаздық дақылдар тұқымы келіп түсті. Тексерілген тұқым көлемінің 99,7%-ы кондицияланған деп танылған, сондай-ақ 93,4%-ы себу стандартының 1 және 2 кластарына сәйкес келеді. Өңірлердегі қоймаларда тұқым қоры қалыптастырылған.
2023 жылға облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,4 млрд теңге көзделген.
Вам может быть интересно: «Сеул разрешил Польше поставлять Украине гаубицы с южнокорейскими шасси»