Атырау облысында 5 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 6 адам құтқарылды

 Атырау облысында 5 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 6 адам құтқарылды, оның 4-куі бала, деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2023 жылғы 24 қаңтарда сағат 17:24-те Атырау қаласында 5 қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы шақыру келіп түскен.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін 2-қабаттағы пәтер жанып жатқаны анықталды. 30 шаршы метр алаңда жатын және ас үй бөлмелері, жиһаз және тұрмыстық техника өртенді.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері автосатының көмегімен және баспалдақпен 5-қабаттан 6 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды.

«Сыртқы бақылаушы үшін мұның бәрі өте қарапайым көрінеді. Шындығында, көзге көрінбейтін көптеген қиындықтар бар. Мұндағы басты міндет - автосатыны биіктіктегі қажетті нүктеге жылдам, нақты және дәл қою. Бұл жерде автосаты операторының жұмысы үлкен рөл атқарады және бұл жағдайда ол өте жақсы жұмыс істеді. Нәтижесінде 6 адам өрттен құтқарылды»,-делінген хабарламада.

Өрт салдарынан күйік алған 1969 жылы туған пәтер иесі мен 1964 жылы туған әйел облыстық ауруханаға жатқызылды (дене күйіктері нақтылануда).

Өрт сағат 17:44-те сөндірілді.

Атырау облысы ТЖД күштері көрші пәтерлерге өрттің таралуының алдын алды. Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 8 қызметкері мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.

«Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары! Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады! Тұрмыстық техника мен электр құралдарын қосулы қалдырмаңыз! Сақ болыңыз!»,деп ескерту жасады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3018 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить