Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылы құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтер мен ақшалай қаражаттарды мемлекетке қайтаруды қамтамасыз етті

Антикор: в 2022 году обеспечен возврат государству незаконно приобретенных имущественных активов и денежных средств на сумму свыше 600 млрд тенге
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-арнасы хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылы құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтер мен ақшалай қаражаттарды мемлекетке қайтаруды қамтамасыз етті. Олардың ішіне қымбат жылжымайтын мүлік, сәнді автомобильдер, бағалы металдар мен зергерлік бұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақша кіреді.
Бұдан бөлек, елімізде және шетелде жалпы сомасы 360 млрд теңгеден асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен қаражат анықталды және олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.
Президенттің тапсырмасы бойынша барлық қайтарылған активтер мектеп құрылысына бағытталатын болады.
Вам может быть интересно: «С начала вооруженного конфликта с РФ рынок недвижимости Украины упал на 78,34%»