Швейцариялық концерн Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы инновациялық дәрі өндірісін ашпақ

1886

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев швейцариялық «Roche Holding AG» фармацевтикалық концернінің басқарма төрағасы Кристоф Францты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке елімізде қатерлі ісікке қарсы инновациялық дәрі өндірісін ашу жобасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берілді.

Тиісті келісімге бүгін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен «Roche Holding AG» компаниясы арасында қол қойылды. Кристоф Франц Президентке қатерлі ісікті анықтаудың инновациялық тәсілдерін игеруге қатысты Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты.

Сонымен қатар келесі жылы компанияның қолдауымен Назарбаев Университеті Медицина мектебінің базасында жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға арналған зертханалық диагностикалық тренинг-орталығын ашу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ кездесуде Қазақстанда медицина ғылымын дамыту мәселесі де талқыланды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить