Ұлытау облысында бірқатар кадрлық тағайындау болды

 Ұлытау облысында бірқатар кадрлық тағайындау болды, деп хабарлайдыөңір әкімдігі.

Атап айтқанда,Гүлмира Алпысбайқызы Жаппасова Ұлытау облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл лауазымына тағайындалды.

1976 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «орыс тілі және әдебиеті пәні» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Сәтбаев қаласындағы №3 мектепте орыс тілі пәні мұғалімі болып бастады

2000 – 2001 жылдары Сәтбаев қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.

2001 – 2010 жылдары Сәтбаев қаласының «Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы» директорының мәдени жұмыстар жөніндегі орынбасары.

2010 – 2012 жылдары «Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдістемелік-библиографиялық бөлімінің жетекшісі (Солтүстік Қазақстан облысы).

2012 – 2022 жылдары Сәтбаев қаласының «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ директоры.

2022 жылғы шілде айынан бастап бүгінге дейін «The Ulytau Educational Foundation» қайырымдылық қорының Жезқазған қаласындағы аймақтық өкілдігінің басшысы болды.

Санат Қабиденұлы Мусин Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2003 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
2004 жылы сот орындаушысы. 2006 – 2010 жылдары Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының бас маманы, бөлім меңгерушісі.

2011 – 2018 жылдары Қарағанды облысының білім саласындағы бақылау департаменті Әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысы.
2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болған.

Ербол Жақангерұлы Байгазиев ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысы бойынша филиалының директоры лауазымына тағайындалды.
1973 жылы Ұлытау облысында дүниеге келген. 2006 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1995 жылы «Жезқазғантүстіметалл» кәсіпорнының әскери күзет бөлімінде бастады.
1995 жылдан бүгінгі күнге дейін Азаматтық қорғаныс органдарында қызмет етті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте