Samsung Қазақстанда ультрадыбыстық аппараттарды шығаруға қызығушылық танытып отыр

4069

SAMSUNG MEDISON (Оңтүстік Корея) өкілдері Қазақстанға медициналық техника өндірісін локализациялау мүмкіндігін зерделеу үшін келді. Сапар барысында компания «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасындағы өнімді оқшаулау бойынша алдағы жоспарларды талқылады. SAMSUNG MEDISON компаниясы «Ордамед» АҚ бірлесіп Алматы облысында құны $22 млн болатын жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

SAMSUNG MEDISON компаниясының Бас атқарушы директоры Ёнг Кван Ким өз сөзінде KAZAKH INVEST ұлттық компаниясына жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткені және сапарды ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ Қазақстан үшін инвестицияларды ынталандыру агенттігінің институты маңыздылығын атап өтті.

«Біз жобаның Қазақстанда іске қосылғанына өте қуаныштымыз. Оқшаулау үшін елді таңдаған кезде біз көршілес елдерді де қарастырдық, бірақ нарықты зерттей келе, Қазақстан үкіметі ұсынған жақсы мүмкіншіліктерге, сондай-ақ стратегиялық орналасуына байланысты сіздің еліңіздің пайдасына таңдау жасадық. Өнімді қазақстандық нарыққа ғана емес, экспортқа да жеткізуді жоспарлап отырмыз. Мысалы, біз қазірдің өзінде Орталық Азия және Кавказ аймағы елдерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді Ёнг Кван Ким.

«Ордамед» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Длімбетов SAMSUNG MEDISON компаниясымен бірлескен жұмыстың негізгі жетістіктерін атап өтті:

«2006 жылы біз MEDISON компаниясымен брендтің Орталық Азиядағы эксклюзивті өкілдігі туралы келісім-шартқа қол қойдық. Біздің жұмысымыздың нәтижесінде Қазақстанның медициналық мекемелерінде 2000-нан астам ультрадыбыстық жүйелерді орнаттық. Сондай-ақ KAZAKH INVEST-тің жан-жақты қолдауын, соның ішінде шетелдік өкілдер арқылы да атап өткім келеді».

Өз кезегінде Мейіржан Юсупов бүкіл әлемдегі медициналық компаниялардың Қазақстанда өндірісті оқшаулауға деген қызығушылықтарының артып келе жатқаны туралы айтты:

«Біз еліміздегі кореялық компанияларды қарсы аламыз. Оңтүстік Корея Қазақстанның негізгі сыртқы сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады. Біз бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделіміз. Үкімет Кореядан келетін инвестицияға ерекше көңіл бөліп отыр. Қазақстанды таңдау арқылы сіз перспективалы нарықтарға қол жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде KAZAKH INVEST-тің одан әрі қолдауына сене аласыз».

Айта кетейік, KAZAKH INVEST ұйымдастырған сапар барысында SAMSUNG MEDISON өкілдері мемлекеттік органдармен және «СК-Фармация» ЖШС-мен кездесті.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить