Талдықорған шетінен жас қыздың мәйіті табылды

Талдықорған қаласының шетінен жас қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы полиция департаменті хабарлайды.

«Талдықорғанның шетінде 25 тамыз күні кешке салынып бітпеген биік ғимараттың жанынан жас қыздың денесі табылды. Болжам бойынша, 23 жастағы жергілікті тұрғын үлкен биіктіктен құлап, өзіне қол жұмсаған. Қыздың өлімінің себептері мен жағдайлары анықталуда. ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде»,- делінген хабарламада.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте