Ақмола облысының тұрғыны құрамында алтыны бар кварц кенін заңсыз өндірген

1642

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаментімен тау-кен саласындағы заңсыз кәсіпкерлікке қатысты іс аяқталды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Тергеу барысында азамат Ибраевтың Жолымбет кен орнындағы учаскеге ғана барлау жұмыстарын жүргізуге келісім-шартқа отырып, құрамында алтыны бар кварц кенін заңсыз өндірумен айналысып, кейін оларды үшінші тұлғаларға өткізгені анықталды.
Нәтижесінде ол аса ірі көлемде жалпы сомасы 280 млн теңгені құрайтын заңсыз кіріс алған.

Сот үкімімен сотталушы келтірілген залалды республикалық бюджетке толық өтеп, 2,5 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить