Шығыс Қазақстан облысында көктем шыққалы бері 997 баланы кене шаққан

2074

Шығыс Қазақстан облысында көктем шыққалы бері 997 баланы кене шаққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша сәуір айынан бері эндемиялық аумақтарда 3346 адамды кене шақты. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 997.

Бұл кенеден зардап шеккендер үлесінің 30 пайызына жуықтайды.

«Кене энцефалитіне шалдыққан 8 адам тіркелген. Бұл науқастардың ешқайсысы кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінбеген. Дәрігерлерге уақтылы, яғни үш күннен кешіктірмей қаралған адамдардың арасында кене инфекциясын жұқтырғандар болған жоқ», - делінген ақпаратта.

Кене энцефалитін емдеу тек стационарлық жағдайда жүргізіледі. Инфекция жұқтырған өңірдің жеті тұрғыны жұқпалы аурулар ауруханалары мен бөлімшелеріне жатқызылған. Пациенттерге арнайы ем-дом тағайындалды.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить