ҚР СІМ-дегі кездесуде Қазақстан-Испания ынтымақтастығының даму перспективалары талқыланды
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Испанияның Елшісі Хорхе Урбиоламен кездесуі барысында тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы қазақстан-испан ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Ерекше назар саяси және парламентаралық диалогты нығайтуға аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттардың кең ауқымы бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға өзара дайындығын растады.
ҚР құзыретті мемлекеттік органдардың статистикалық деректеріне сәйкес, 2005-2021 жылдар аралығында Қазақстан экономика салынған испан компаниялары инвестицияларының жалпы көлемі шамамен 261,2 млн. АҚШ долл., ал екіжақты тауар айналымы 2021 жылы 1,828 млрд. АҚШ долл. құрып, 2020 жылмен салыстырғанда 30,5%-ға жоғары.
Вам может быть интересно: «ҚР ЭГТРМ: Балық аулау құралдарымен заңсыз балық аулау үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі»