Қазақстандықтар Никарагуаға визасыз бара алады

1853

Қазақстандықтар енді Никарагуаға 30 күнге визасыз бара алады. Бұл туралы Үкімет қаулысы шықты.

«Жарамды жол жүру құжаттары бар ҚР азаматынан Никарагуа Республикасына 30 күннен аспайтын уақытқа бір немесе бірнеше рет барғанда, транзитпен өткенде және уақытша болған кезде олардан визалық талаптар сұралмайды. Күтпеген жағдайларға (табиғи апат, ауру және т.б.) тап болған азамат дәлдеме құжаттары негізінде Никарагуа Республикасының аумағында бола тұруға рұқсат алуы тиіс», - делінген қаулыда.

Ал Никарагуа Республикасына қызмет бабымен баратын азаматтардан виза талап етіледі. Қаулы 10 күннен соң заңды күшіне енеді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить