Қазақстан мен Оңтүстік Корея атом энергиясын дамыту саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуда

2466

2022 жылғы 28 маусымда Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов бастаған қазақстандық делегация мен Оңтүстік Кореяның Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігінің өкілдері, сондай-ақ ядролық технологияларды жеткізуші – Korea Hydro & Nuclear Power (KHNP) компаниясы арасында кездесу өтті, ortcom.kz деп хабарлайды.

Кездесу барысында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС мен KHNP арасында атом энергетикасын дамыту саласындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Осы Меморандумға қол қою Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы атом энергиясын дамыту саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға ықпал ететін болады.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить