Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді

1577

Халықаралық Түркі академиясының бастамасымен түркі әлеміне ортақ 3 түрлі оқулық әзірленді. Бауырлас елдер арасындағы білім саласы бойынша ынтымақтастықты арттыруға бағытталған оқулықтар Түркі елдерінің мемлекет басшылары қатысқан Саммиттегі тапсырмаға сәйкес басталған еді. Сараптамадан сәтті өткен кітаптар енді еліміздегі мектептерге таратыла бастайды. Сондай-ақ Қазақстан Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесіне төрағалық етпек. Бұл туралы елордада өткен кеңестің V отырысында айтылды, деп хабарлайды ortcom.kz.

Ғылыми кеңестің V отыры­сы­на Түркі мемлекеттері ұйы­­мы­ның Бас хатшысы Бағдат ­Әм­ре­е­в, Халықаралық Түркі ака­де­мия­­сының басшысы Дар­хан Қыдырәлі, Әзербайжан Респуб­ли­­­ка­­сының Білім ми­нистрі Эмин Амруллаев, Қа­зақ­стан Респуб­ликасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақстан Рес­­п­уб­­лика­сының Ғылым және жо­ғары бі­лім министрі Саясат Нұр­бек, Қырғыз Республикасының ­Білім және ғылым министрі Алмаз­бек Бейшеналиев, Әзер­­бай­жан, Қырғыз­стан, Мажар­стан, Өзбек­стан елде­рінің Қазақ­стан­­­­­дағы елшілері мен Түр­кия ел­­­ші­­лігінің өкілдері қатысты.

Жиында сөз алған Түркі мем­ле­кеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әмреев:

– Қазіргі таңда Түркі мемле­кет­тері ұйымының аума­ғын­да­ғы инте­грациялық үлгі­сі­­нің ажырамас бөлігі саналатын ғылым, білім және мәде­ниет­­тің маңызы артты. Бұл сала­лар – еліміздегі әлеуметтік өзге­ріс­терді, экономиканың дамуын,­ хал­қымыздың әл-ауқатын кө­терудің негізгі факторы, – деді.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов түркі елдері ара­сындағы ынтымақтастықтың ма­­ңызы жыл өткен сайын артып келе жатқанын атап өтті.

– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Ыстанбұл саммитінде айтқан­дай, Түркі әлемінің геосаяси әлеуетін дұрыс қолдануымыз керек. Осы мақсатта түркі ел­де­рі арасындағы білім және ғы­лым саласы бойынша ин­тегра­ция аса үлкен маңызға ие. Бұл ретте Халықаралық Түр­кі ака­демиясының маңызды жобаларының бірі – мектеп оқушыларына бағыт­талған «Ор­тақ түрк тарихы», «Ортақ түрк әдебиеті» және «Түр­кі әлемі географиясы» оқу­лық­тарын әзір­леу. Бұл оқулық­тар әбден қаралып, сараптамадан өтті, – деді министр А.Аймағамбетов.

Әзербайжан Республика­сы­ның Білім министрі Эмин Амруллаев «Ортақ түрк тари­хы» оқулығы өз елінің оқу бағ­дарламасына енгізіліп үлгер­генін, осы оқулық­пен әзер­бай­жандық оқушылардың білім алып жүргенін жеткізді.

– Ыстан­бұлда өткен сарапшылар жиы­нында ХV ғасыр­ға дейінгі «Ор­тақ түрк тарихы», «Ортақ түрк әдебиеті» және «Түркі әлемі география­сы» оқулықтары бойын­ша мүше елдер арасында табыс­ты тал­қылаулар болған еді. Бір нәрсені айта кету керек, акаде­мия тарапынан Әзербайжан, Қазақ­стан, Қырғызстан, Түр­киядан сарап­шылардың қаты­суымен түр­кі мемлекеттері ұйы­мына мү­ше елдердің мектеп оқушылары үшін дайындалған ХV ғасырға дейінгі «Ортақ түрк тарихы» 2019-2020 жылдан бастап еліміздегі 151 мек­тепте факуль­татив пән ретінде 8-сыныптарда оқытылып келеді. Әр оқу жылында бұл пәнді әзербайжан және орыс тілінде білім алатын 14 мыңға жуық оқушы оқып жатыр. Қалған екі оқулық та өзге түркі елдерінің оқу бағ­дар­ламасына енгізіледі деп үміт­тенемін, – деді Э.Амруллаев.

Басқосу барысында Түркия тарапы Халықаралық Түркі ака­де­мия­сы Ғылыми кеңесіне төрағалық міндетін Қазақстанға табыстады. Аталған кеңестің төрағалығын қабылдап алған Ғылым және жоғары білім ми­нистрі Саясат Нұр­бек бұл ман­даттың үлкен жауап­кершілік екенін айтты.

– Қазақстанның Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің төр­­­­ағалығын алуы – біз үшін өте үлкен жауапкершілік, ма­ңызды оқиға. Неге десеңіз, Қазақ­­станда елеу­лі рефор­ма жа­­са­лып жатыр. Мемле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан» деген жаңа көзқараспен, ауқым­ды жоспармен елімізде стра­тегиялық өзгерістерді бастады. Жаңадан тағайын­далған Ғы­лым және жоғары білім ми­нистрі ретінде ғылыми-қол­дан­балы зерттеулерді және жо­ғары білім саласындағы инте­гра­цияға салмақ беруді ұсы­на­мын. Академияға мүше мем­лекет­тердің білім-ғылым сала­сы басшыларының ой-пікір, ұсы­­нысымен өз күш-жігерімді осы екі бағытты жүзеге асыруға арнағым келеді. Біздің ғылыми-зерттеу инсти­туттар түркі әлемі, жалпы түр­кі тарихы, жағрапия, әліппе зерт­теулеріне өз ресурс­тарын қо­сады, – деді С.Нұрбек.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить