Михаил Кукушкин Ноттингем турнирінің ширек финалына шықты

1947

Қазақстандық Михаил Кукушкин жұптық сында Ноттингем (Ұлыбритания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Кукушкин аустралиялық Джон Миллманмен бірге бастапқы кездесуін осы жарыстың бірінші ракеткалары, италиялық Андреа Вавассори – поляк Шимон Валковпен өткізді. Қазақстандық-аустралиялық жұп 6:4, 1:6, 13:11 есебімен жеңіске жетті. М.Кукушкин мен Д.Миллман жартылай финалға шығу үшін ұлыбританиялықтар Джулиан Кэш – Анри Паттенмен таласады. Михаил Кукушкин жекелей сында да сәтті өнер көрсетуде. Ол алғашқы матчында румыниялық Мариуш Копилді 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Енді испаниялық Фернандо Вердасконы жеңсе, ширек финалға жолдама алады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жұптық сында Штутгарт ATP 250 додасының жартылай финалына шыға алмай қалды. Ол аустралиялық Ник Кирьоспен бірге тартысты бәсекеде франциялық Фабрис Мартен – германиялық Андреас Мьеске жол берді – 6:7 (5:7), 6:7 (4:7).

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко жекелей сында Братислава (Словакия) челленджер жарысының екінші айналымында корт иесі Йозеф Коваликтен жеңіліп қалды – 7:6 (7:3), 0:6, 1:6.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить