Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2022 жылғы туризм көрсеткіштері өскен

Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2022 жылғы бірінші тоқсанда туризм көрсеткіштері анағұрлым өскен. Шетелге шығып демалғандардың саны 845,2 мың адамды құрады, бұл былтырғы көрсеткіштен 60,1% артық. Елімізге туристік мақсатта келгендердің саны 293,2 мың адамды құрады, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 34,3% көп.

Ішкі туризм бойынша да жағымды динамика байқалған. Демалыс орындарына орналастырылғандар саны 1 131,9 мың адам, былтырғы кезеңмен салыстырсақ, өсім 21,6% құрап отыр.

Келушiлерді орналастырумен айналысатын объектілер саны 3 756 бірлікті құрады, ондағы бөлмелер саны 80 983. Олар 1 229 мың адамға 26270,2 млн теңге сомасына қызмет көрскен. Орналастыру орындарының көрсеткен қызмет көлемi (мейрамханаларда көрсетілетін қызметтерiн қоспағанда) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда есептi кезеңде салыстырмалы бағада 25,7%-ға көбейді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте