Қазақстан-Канада: жаңа инвестициялық мүмкіндіктер

1404

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде ҚР премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Канададағы құрметті консулдарымен – «Cameco» канадалық уран компаниясының президенті Тимоти Гитцелмен және «Condor Petroleum» президенті Дон Стрюмен кездесті.

Тараптар Канадамен инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ қазақстандық нарыққа жаңа инвесторларды тарту әлеуетін талқылады.

М.Тілеуберді кездесуге қатысушыларға инвестициялық ахуалды дамыту және шетелдік капитал үшін мүмкіндіктерді кеңейту бойынша елімізде қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. СІМ басшысы құрметті консулдарға Қазақстанның Канададағы имиджін инвестиция үшін сенімді ел ретінде ілгерілетуге көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде канадалық компаниялардың басшылары Қазақстан экономикасына канадалық капиталды тартуға қызығушылық білдірді, сондай-ақ ағымдағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы хабардар етті.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить