Қазақстан СІМ-де АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісімен кездесулер өтті

2332

Орталық Азия елдеріне сапары аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдум қарсаңында Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.

Америкалық дипломатты ҚР премьер-министрінің орынбасары –Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қабылдап, сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту және нығайту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллинмен кездесуде екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібінің кең ауқымды мәселелері қозғалды. Тараптар қазақстандық-америкалық ынтымақтастықтың даму қарқынына қанағаттушылық білдірді.

Д. Лу азаматтық қоғамның қарышты дамуы мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң динамиканы атап өтіп, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси реформаларға қатысты АҚШ Әкімшілігінің қолдауын атап өтті.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube