Жеңілдетілген бағадағы автокөлікті сақтандыру ерікті жүргізіледі - агенттік

1202

Жеңілдікпен автокредит беру кезінде банк қарыз алушыны сақтандыру ұйымын таңдауды шектеуге құқылы емес. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлайды.

Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасына қатысу үшін банкті таңдау – бұл қарыз алушының құқығы. Егер банк қарыз алушының талаптарын қанағаттандырмайтын талаптарды ұсынған жағдайда, ол осы Бағдарламаға қатысатын басқа банкке өтініш жасай алады. Қарыз шартын ресімдеу кезінде екінші деңгейдегі банктер, әдетте жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасына қатысу үшін талаптардың бірі ретінде – сақтандыру ұйымымен автомобиль көлігін ерікті сақтандыру шартын жасасуды көздейді.

Автомобиль көлігін сақтандыру ерікті түрде жүргізіледі.

«Банк заңнамасына сәйкес, егер қарыз беру туралы талаптарда сақтандыру шартын жасасу туралы талаптар көзделсе, банк қарыз алушыны сақтандыру ұйымын таңдауда шектеуге құқылы емес» - делінген Агенттік хабарламасында.

Автомобиль көлігін ерікті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымын таңдағаннан кейін қарыз алушы сақтандыру шартының маңызды талаптарына өзгерістер енгізуге ұсыныс жасауға және оларды сақтандыру ұйымымен бірлесіп айқындауға құқылы.

«Сақтандыру құжаты – бұл отбасылық бюджетті көзделмеген шығыстардан үнемдеу арқылы сізді және сіздің мүлкіңізді түрлі тәуекелдерден қорғаудың тәсілі. Апат болған және автомобильге зақым келген жағдайда, сақтандыру құжаты апатқа кімнің кінәлі екеніне қарамастан, залалды өтейді. Сақтандыру шартында кепіл нысанасы болып табылатын автокөлікті ауа райы жағдайлары мен басқа да қолайсыз оқиғалар нәтижесінде болатын зақымданудан қорғау да көзделуі мүмкін. Осылайша, сіз автокөлікті сақтандыра отырып, сіз ол үшін кредит төлеп отырған уақытыңызда кепілге салынған автомобиль зақымдалады немесе істен шығады деп алаңдамасаңыз болады»,- деп толықтырды агенттік.

Еске салсақ, 16 мамырда Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру басталды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить