«Siemens» пен «QazIndastry» өзара түсіністік меморандумына қол қойды

1921

12 мамырда премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен Қазақстан–Герман бизнес форумы өтті. 250-ге жуық делегат қатысқан іс-шараның басты тақырыбы – жоғары технологиялар, жасыл экономика және логистика саласындағы Қазақстан-Герман экономикалық ынтымақтастығын дамыту.

Қазақстан-Германия бизнес-форумы аясында өнеркәсіпті автоматтандыру, мұнай химиясы, логистика, денсаулық сақтау және ақпараттық технологиялар секілді салаларды қамтитын екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Атап айтсақ, «Siemens» ЖШС атынан Дияс Асанов және «QazIndustry» «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ атынан басқарма төрағасы Берік Бекенов Қазақстан Республикасының өнеркәсіп секторын цифрландырудағы ортақ мүддені негізге ала отырып, мамандарды Цифрлық өнімдер мен шешімдерге оқытуда ынтымақтастық орнату мақсатында Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты – өнеркәсіпті цифрландыруға бағытталған цифрлық өнімдердің сапасын арттыру тұрғысындағы жобаларды бірлесіп дамыту.

Аталған меморандум шеңберінде еліміздің өнеркәсіп секторы өкілдері үшін білім беруді қолдау әрі сала мамандарының біліктілігін арттырудың оңтайлы әдістерін қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл үшін Siemens оқу курстары мен алдыңғы қатарлы тәжірибелері "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы субъектілігіне цифрлық трансформациялау тұрғысында интеграцияланатын болады.

Тараптар арасындағы ынтымақтастық халықаралық нормалар мен құқықтарды сақтау, жариялылық және өзара сенім сынды қағидаларға негізделіп, жүзеге асырылады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить