Мұнай және газ саласы импорттан келген құрал-жабдыққа тәуелді

2005

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық мұнай және газ саласына қажетті құрылғыларды өндірушілерге айрықша қолдау көрсетуге ниетті.

Елордада ҚР ИИДМ, ҚР энергетика министрлігі және қазақстандық ірі мұнай-газ операторлары өкілдерінің қатысуымен мұнай және газ саласына қажетті машина жасау өндірісін дамыту мәселелерін талқылауға арналған арнайы форум өтті.

Форумда Мұнай және газ саласындағы машина жасауды дамытудың халықаралық орталығы (ІМВ Орталығы) таныстырылды. Бұл орталық отандық мұнай және газ саласына қажетті машина жасау мен құрал-жабдық өндіруге қолдау көрсету мақсатында құрылған. Шара барысында сөз сөйлеген индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев, отандық мұнай және газ саласында импорттық құрал-жабдықтарға деген тәуелділік жоғары екендігін алға тартып, министрлік ІМВ Орталығына үлкен үміт артатынын айтып өтті.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша шикізат өндірушілер жалпы сомасы 422,3 млрд теңге көлемінде тауар сатып алған. Ал бұл арадағы жергілікті өнім үлесі бар болғаны 13,8%-ды құраға.

Мұнай-газ саласындағы машина жасауға арналған импорттық құрал-жабдықтарға жұмсалған қаржы көлемі 796 млрд теңгеден асады. Жергілікті өнімдерді кеңінен тұтыну туралы бағдарламаға қарамастан, мұнай-газ саласындағы машина жасауда пайдаланылатын шетелдік өнімдердің үлесі азаймай отыр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Мұнай-газ саласындағы машина жасауды дамытудың халықаралық орталығына үлкен үміт артылады»,- деді Руслан Баймишев.

Бүгінде аталған ІМВ Орталығында жекелеген қосалқы бөлшектер мен агрегаттарды жасауда технологиялар трансферті мен өнімді құрастыру бойынша мұнай-газ жабдықтарын шығаратын жергілікті және шетелдік өндірушілермен жұмыс жүргізілуде. Бұл тұрғыда вице-министр ірі шикізат өнідірушілерді импортты алмастыру шаралары аясында орталық бастамаларына белсенді түрде қолдау көрсетуге шақырды.

Руслан Баймишев, сонымен қатар, ел экономикасын диверсификациялау және жоғары технологиялық өнімдер өндірісін құру мақсатында Қазақстанда өңдеу өнеркәсібін кешенді негізде дамытуға басымдық беріліп отырғанын айтты. Оның ішінде мұнай және газ саласындағы машина жасау өндірісі де бар.

«Машина жасау саласын дамытуға мүдделі бизнес өкілдеріне қолдау көрсетіп, ынталандыруға біз дайынбыз, әрине, бизнес тарапынан тиісті ұсыныстар болып жатса. Өздеріне осындай міндеттеме жүктеп, техникасын жаңартуға және жаһандық нарықтарға шығуға мүдделі кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсетілетін болады», - деді вице-министр.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить