Қазақстанда 2060 жылға дейін Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясының жобасы дайындалуда

3406

Экономикалық зерттеулер институтының алаңында«ҚР өндіруші өнеркәсібінің декарбонизациясының басымдықтары мен тәуекелдері» тақырыбында климаттық диалог өтті.

Іс-шараға Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов, Еуроодақтың Қазақстандағы елшісінің орынбасары Адам Мачей, ЭЫДҰ-ның Орталық Азиядағы өңірлік платформасының басшысы Жан-Франсуа Ленгель, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығыны және «KAZENERGY» өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Ұлттық экономика вице-министрі Қазақстанның көміртекті бейтараптыққа көшуінің негізгі элементтері туралы айтып берді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 2060 жылға дейін Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының жобасы пысықталуда, ол экономиканың барлық салаларына әсер етуді бағалай отырып, энергияға көшуге және ESG тұрақты даму тәсілдері негізінде теңгерімді сақтауға бағытталған.

«Стратегия жобасына климат саласындағы халықаралық күн тәртібі, тәсілдер, даму кезеңдері мен сценарийлері, сондай-ақ көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу тетіктері сияқты маңызды бағыттар енгізілген. Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы күреске өзінің бейілділігін білдіп, қазіргі сын-қатерлерге қарамастан, Париж келісімі шеңберіндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін бар күшін салады. Бұл бірлескен және жемісті жұмысқа тікелей байланысты», - деді Әбдікәрімов.

Өз кезегінде, іс-шараға қатысушылар Қазақстанның көміртекті бейтараптыққа көшу жөніндегі шараларын жоғары бағалап, тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить