Жақсыбек Құлекеев Президентке ұлттық экономиканы дамыту жөнінде ұсыныс берді

 Мемлекет басшысы белгілі экономист Жақсыбек Құлекеевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың сайты.

Президентке жаһандық геосаяси дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы дамыту жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Сондай-ақ мұнай-газ секторының ғылыми-инжинирингтік әлеуетін күшейту мәселелері қарастырылды.

Белгілі ғалым және қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы өз көзқарасын айтты.

Сонымен қатар Жаңа Қазақстан құру аясында мемлекеттік қызметшілер мен экономика саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау проблемалары талқыланды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте