Елордада нашақорлыққа қарсы күрес жобасы іске қосылды

3444

Елордада жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы күреске бағытталған "ESIRTKEGE JOL JOQ" жобасының тұсаукесері өтті. Жүздеген еріктілердің қатысуымен жоба үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

"Астана жастары" КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаевтың айтуынша, қозғалыстың негізгі мақсаты есірткіге тәуелді жастардың санын азайту болып табылады.

"Жобаға 52-ден астам волонтерлік ұйым қатысады. Сонымен қатар, біздің үлкен командада 60-70 жас аралығындағы зейнеткер еріктілер, мектеп оқушылары, студенттер бар. Олардың барлығы үлкен әлеуметтік көмек көрсетеді. Біреу дәрілермен, біреу тазалаумен, біреу осындай іс - шараларды ұйымдастырумен көмектеседі", - деді Ерментаев.

Айта кетейік, жоба 14-29 жас аралығындағы жас балалар санатына бағытталған.
Ашылу салтанатында наркологиялық орталықтың психологы Александр Рущук нашақорлықтың басты белгілері-өз-өзіне күмәндану, ойды жинақтау мүмкін еместігі және қоршаған әлемге немқұрайлы қарау екенін атап өтті. Осыған байланысты, жас астаналықтарды жобаға қолдау көрсетіп, спортпен, музыкамен және өнермен айналысуға шақырды

Соның ішінде жобаның ашылуында есірткіні тұтынудың салдарын көрсететін "дейін және кейін" кадрларымен фотокөрме өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция ай сайын өткізіледі.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить